Фото: Polisia.kz
Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарларын безендіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша құқық бұзған. Сондай-ақ олардың әрекеттерінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды.
Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты" - делінген хабарламада.