13 қыр, 2024 сағат 11:51

Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды

Фото: pexels.com

Алматы қаласының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен Sergek Group компаниясымен бірлесіп оңтүстік астанада спектрометрлер орнатылды. Бұл туралы бақылау органына сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.

"Спектрометр – дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалауға қабілетті көлікқұралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы", - деп түсіндірген жаңа аспаптың функциясын ведомстводағылар.


Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағындатар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды.

EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.

Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.

Бастама қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі екені айтылған.