23 жел, 2023 сағат 11:45

Алматыда автобус жүргізушісі соққыға жығылған сәттің видеосы тарады

Фото: Ant Rozetsky / Unsplash

Әлеуметтік желіде үш адамның өліміне әкелген Алматыдағы автобус апатына себеп болған оқиғаның видеосы тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы – «ДуманТрансКом» ЖШС) ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған, салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.

Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланған видеода ер адам жүргізушімен сөйлесіп тұрып, кейін екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы сәтте басқа жолаушы оларға ара түспек болады. Кейін көлік соқтығысқан сәт те видеоға түсіп қалған.