25 жел, 2025 сағат 11:02

Алматыда автобус жүргізушісі егде жастағы әйелді түсіріп тастады

Фото: видеодан скриншот

Алматыда автобус жүргізушісі жағымсыз иіске байланысты егде жастағы әйелді түсіріп тастаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға қаладағы №118 бағыттағы автобуста болған. Желі қолданушысының айтуынша, салонда қатты жағымсыз иіс сезіліп, жолаушылар шағымданған. Кейін иістің егде жастағы жолаушыдан шыққаны анықталған.

Жолаушылардың бірнеше өтінішінен кейін жүргізуші әйелді аялдамалардың бірінде түсірген.

Автопарк өкілдері бұл шешім жолаушылар тасымалы ережелеріне сәйкес қабылданғанын мәлімдеп, жүргізуші тарапынан заңбұзушылық болмағанын айтты.