25 жел, 2023 сағат 15:46

Алматыда автобус қаққан адамдардың жағдайы белгілі болды

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда автобус апатынан зардап шекендердің жағдайы тұрақты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп жазады Хабар 24

Дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы автобус жүргізушісі, бас ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылған. Тағы бір 55 жастағы ер адамға ми жарақаты, мидың жеңіл соғылуы диагнозы қойылған. 

"50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оң динамика байқалады. Автобус жүргізушісі - 36 жастағы әйел ми жарақаты, мидың соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты, консервативті ем қабылдап жатыр. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ильдар Құрмаев.

Өткен жұмада Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған жолаушы сол түні қамауға алынды.