30 жел, 2025 сағат 15:34

Алматыда ауаның ластануын азайтуға арналған жаңа ережелер бекітілді

Фото: Aikyn.kz

Алматы мәслихаты атмосфералық ауаны қорғау ережелерін бекітті, деп хабарлайды Ult.kz.

Құжат ауаның ластану деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге және экологиялық талаптарды жүйелеуге бағытталған. Жаңа ережелер ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.

2024 жылға жүргізілген есептеулер бұл шаралардың өзектілігін көрсетті. Мәліметке сәйкес, Алматы агломерациясындағы жалпы шығарындылар көлемі 225 мың тоннаны құраған.

Мамандардың айтуынша, ауаны ластайтын негізгі көздер:

  • автокөлік құралдары;

  • стационарлық нысандар (өндіріс орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану және құрылыс объектілері);

  • жеке тұрғын үй секторы.

Жаңа ережелер аясында автопарктерге бірқатар талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, қозғалтқышты ұзақ уақыт қосып тұруға шектеу қойылып, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және тұрақты экологиялық бақылау жүргізу міндеттеледі. Сондай-ақ көлік паркін жаңарту жұмыстары алдымен Еуро-5 стандартына көшу, кейіннен газ және электр көліктерін енгізу арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар қала аумағында ластаушы заттардың төмен деңгейдегі аймақтарын (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл аймақтарда газ жағдайы қолайсыз кезде көмір жағуға, қалдық өртеуге және пиротехника қолдануға тыйым салынады. Ал генераторлар мен арнайы техникалар міндетті түрде тазарту жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

Билік өкілдері қабылданған шаралар Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.