03 қаз, 2024 сағат 10:29

Алматыда әлеуметтік нысандарда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Фото: pixabay.com

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды Ult.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%.

Алматы әкімінің тапсырмасымен қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі жаңартылған.

"Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады", - делінген хабарда.


Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады.

Айта кетейік, былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.