Ұлттық кітапханың «Қазақстан кітаптары» оқу залында Абайдың 175 жылдығына арналған Абай әдеби орталығы ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шараға ақынның ұрпақтары, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, оқытушылыр мен ЖОО студенттері қатысты.
Абай әдеби орталығының мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау.
Әдеби орталық кітапхана қорынан Абай шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрме ұсынады. Онда ақын өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, ақын шығармалары мен әлем халықтарының түрлі тілдеріндегі аудармалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, электрондық және музыкалық басылымдар, Абайдың толық шығармалары қойылған.
«Абайдың әдеби орталығын құру заңды және философиясын жаппай зерттеу саласындағы шығармашылық жобалар мен көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, орталық әйгілі жазушылармен және ақындармен кездесу, тақырыптық байқаулар мен экскурсиялар, бейнелеу өнері көрмелерін, Абай шығармаларын білуге арналған жоғары деңгейлі оқуларды ұйымдастыруға жағдай жасайды», - дейді Ұлттық кітпахана директоры Бақытжамал Оспанова.
Шара барысында ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Абай мен Мұхтар Әуезовтің туыстары естелік айтты.
Сондай-ақ, жиналғандарға театрландырылған қойылым мен кітап көрмесі ұсынылды.