04 нау, 2024 сағат 13:48

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

Коллаж: azh.kz


4 наурыз сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.


Алматыда 5 балл көлемінде сезілген. 


Эпицентрі туралы мәлімет нақтылануда.


«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониторинг жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ТЖД.