11 ақп, 2026 сағат 14:43

Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады

Фото: ашық дереккөз

Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі.

Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәслихаттың 2025 жылы 30 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сілтеме жасап хабарлады.

"Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады", - делінген хабарламада.