Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда спорт саласы белсенді дамып келеді. Алдағы уақытта қалада қысқы демалыс пен белсенді уақыт өткізуге арналған 20-дан астам жаңа мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бүгінде Алматыда 3 600-ден астам спорт нысаны бар, қаланың спорттық инфрақұрылымы одан әрі кеңейіп келеді.
2024–2025 жылдары 6 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, сондай-ақ 2 нысан жеке инвестиция есебінен ашылды.
- - Нұркент шағынауданында жаңа теннис орталығы іске қосылды.
- - Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған орталықтың құрылысы жүріп жатыр.
Жоспардағы өзге жобалар:
🔹 2027 жылға дейін тағы 6 спорт кешенін салу.
🔹 Спорт мектептерін жаңарту және нығайту.
🔹 Жаңа футбол стадионын салу.
🔹 Халықаралық жарыс өткізуге мүмкіндік беретін көркем гимнастика орталығын құру.
🔹 Спортшылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Орталық стадион мен «Медеу» кешенін қайта жаңғырту.
