Фото: Ашық дереккөз
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен қалада жылыту маусымының аяқталуы, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақыттағы жағдай туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, "Алматы жылу желілері", "Алматытеплокоммунэнерго", "Алматы электр станциялары", "Алатау Жарық Компаниясы", "Алматы Су", Алматы филиалы "ҚазТрансГаз Аймақтың" Алматы филиалы басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаевтың ақпараты бойынша Алматы қаласында белгіленген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тіркеген, сондықтан 2023-2024 жылдың жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.
"Жылуды өшіру 15 сәуірден басталады әрі келесі тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі: алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет нысандары және басқалар, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер)", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кеңесте инфрақұрылымның тозуын азайту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның маңыздылығы атап өтілді. 2023 жылы жылу желілерінің тозуы жоспарланған 0,6% орнына 1,3% - ға қысқарды.
"Мәселен, биылғы жылдың басында 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығының 802,6 км немесе 57,9% құрайды. Биылғы жылы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңартылады, бұл тозуды 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді", - делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетейік, Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.