Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп берді. Кездесу барысында бірқатар келелі мәселелер талқыланды.
Әкімнің айтуынша, 235 мың алматылық өзін-өзі жұмыспен қамтып, салық төлей бастаған.
«Қаланың жұмыспен қамту базасында 235 мың адамның әлеуметтік статусы өзгерді. Пәтерін жалға берген, жекелей адам тасымалымен және бала оқытумен айналысып келген 22 мыңға жуық адам тіркеліп, салық төлей бастады. Бұрын ақшаны конверт арқылы алып келген 1,5 мыңға жуық жалдамалы жұмысшылар еңбек шартына отырып, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларына енді. Сонымен қатар, уақытша жұмыссыз 14 500 тұрғын анықталып, тіркеуге алынды. Оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету керек», - деді Байбек.
Айта кетейік, сондай-ақ Алматы әкімі кездесу барысында Алматыда баспана бағасының арзандайтынын тілге тиек етті.