Фото: ТЖМ
Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі пәтердегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін 12 қабатты үйдің 12-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды, автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына орнатылды.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 60 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді.
