Фото: kolesa.kz
Алматыдағы Серкебаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа жол белгісі пайда болды. Тасжол жиегінде сары үзік сызықты байқауға болады. Көлік жүргізушілерінде бұл белгі нені білдіретіні туралы сұрақтар туындады, - деп хабарлайдыі Kolesa.kz.
Сары үзік сызық нені білдіреді?
Мұндай белгі жол қозғалысы ережелерінде баяғыдан бар, тек Алматыда оны қолданбай келген.
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес:
тұтас сары сызық - мұнда мүлде тоқтауға болмайды
сары үзік сызық - тұраққа қоюға тыйым салынады, бірақ қысқа мерзімге тоқтауға (жолаушыны отырғызу немесе түсіруге, заттарды түсіруге) рұқсат етіледі.
Яғни, көлікті ұзақ уақытқа қоюға болмайды, бірақ қысқа уақытқа тоқтауға болады.
