14 қар, 2025 сағат 12:59

Алматы тұрғындары бірнеше сағат жарықсыз қалды

Фото: Olympic.kz

Алматының Алатау ауданында кеше түнде электр жарығы бірнеше сағатқа өшіп, көлік қозғалысы қиындады. Әсіресе Almaty Arena маңындағы ықшамаудандарда тас қараңғы болып, ұялы байланыс та нашарлаған, деп хабарлайды Ult.kz.

«Алатау Жарық Компаниясының» мәліметінше, екінші жылу электр стансасына жақын маңда электр жеткізу желісінде ақау болған.

Салдарынан Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Зерделі ықшамаудандары, сондай-ақ Райымбек даңғылы, Момышұлы және Мөңке би көшелерінің аралығы жарықсыз қалған.

Апаттық бригада ақауды жөндеп, электр қуатын шамамен бес сағаттан кейін, түнгі 12 шамасында қалпына келтірген.