© Sputnik /Камшат Абдирайым
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. Барлық қауіпсіздік шаралары мен таулы жерлердегі іс-қимыл талаптарын сақтаңыздар"- деп ескертті ведомстводағылар.
Сонымен қатар құтқарушылар туристер мен демалушыларға қарлы беткейге шықпау керегін айтты.
Жалпы Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін 55 қаупті учаске бар.