12 мау, 2025 сағат 10:42

Алматы - Сеулдегі көрмедегі үздіктердің бірі

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы стенді Азияның Сеулдегі SITF 2025 ең ірі халықаралық туристік көрмесінде үздіктердің бірі болып танылды, деп хабарлайды Ult.kz.

5-8 маусым аралығында өткен іс-шараға 70 елден 800-ге жуық туристік сала өкілдері қатысты. Алматы стенді өзіне ерекше назар аудартып, «Үздік дизайн» құрметті марапатына ие болды.

"Көрмеге келген қонақтар домбырашылардың өнерін тамашалады, шеберлік сыныптарында, ұлттық киімдер түсірілген фото және гастрономиялық аймақтарда болып, қазақ мәдениетімен танысты.  Алматыға қатысты VR-тур ерекше танымалдыққа ие болды", - делінген әкімдік хабарламасында.


Бұл іс-шара қаланы бірегей туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі маңызды қадамға айналды. Оның аясында ынтымақтастық туралы 30 келісімшартқа қол қойылды және 21 мыңға жуық турист тартылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Алматыға деген қызығушылық артып келеді: 2024 жылы Кореядан келген туристер саны 3,2% - ға артты.