19 шіл, 2018 сағат 23:04

Денис Тенді өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындалды

Алматы полициясы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген адамдар туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Тергеу аясында қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру, тергеу шаралары қолға алынған.

Сонымен қатар, Алматы ІІД оқиғаға куә болғандарды анықтап жатыр.

"Бұл оқиғаны көзімен көрген, қылмысқа қатысы бар күдікті адамдар туралы ақпарат білетін адамдар болса, 254-40-42; 8-701-707-36-00 немесе 8-701-722-60-62,  102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі», - дейді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, бейсенбі күні түскі 15:00 шамасында белгілі спортшы Денис Тен пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.

Дәрігерлер клиникалық өлім халінде келіп түскен спортшыға 2,5 сағат бойы реанимациялық шаралар жасап, аман алып қала алмады.

Денис Тен көп қан жоғалтуы себебінен көз жұмды. Бүгін марқұм соңғы жаттығуында болған.