Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері сейсенбі күні кешке Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.
"Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді", — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында.