Фото: M News youtube. Видеодан скрин
Алматы облысының тұрғынынан екі келіден аса каннабис пен заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қонаев қаласында 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында екі келіден аса есірткі құрамдас өсімдіктер тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
"Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы облыстық ПД өкілі.