Фото: qazaqstan3d.kz
Алматы облысында екі елді мекеннің атауы өзгерді. Қазцик ауылы қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы Асқар Тоқпановтың есімімен аталды, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
Осыған орай ауылда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қызыл лентаны қию құрметі құрметті қонақтарға берілді. Ашылу рәсіміне қатысқан тұрғындар бұл шешімге қуанып, оны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға маңызды қадам деп санайды. Сонымен қатар, осы күні Комсомол ауылы Жайнақ деп өзгертілді.
"Қазцик ауылы да, Комсомол ауылы да жаңа атауларға ие болып отыр. Бұл бәріміз үшін маңызды оқиға. Елді мекенімізге Асқар Тоқпанов сияқты көрнекті тұлғаның есімін бергендері өте дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді А. Тоқпанов ауылының тұрғыны Ғалия Сағымбекова.