27 мам, 2025 сағат 11:08

Алматы облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысқан

Фото: ҚТЖ

Достық – Бескөл учаскесіндегі теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүргізушісі келе жатқан пойыздың алдына шығып кетіп, жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 мамыр күні сағат 12:57-де Достық – Бескөл учаскесіндегі қараусыз өткелде жеңіл автокөлік рельске кенеттен шығып кеткен. Машинист шұғыл тежесе де, аварияның алдын алу мүмкін болмаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Десе де оқыс жағдай пойыздың уақытылы қозғалысына кедергі келтірген.