03 қаз, 2024 сағат 10:27

Алматы облысында жаңа Алатау қаласының шекарасы белгіленді

Фото: pixabay.com

Алматы облысында жаңа Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы шешім қабылданды. Өңір әкімдігі тиісті қаулы шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Құжаттағы мәліметке қарағанда, Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленген.

"Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.



Еске салайық, былтырғы қарашада Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналып, жаңа атауға ие болуы мүмкін екені хабарланған болатын. 9 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Жетіген ауылы Алатау деп аталған.