Алматы облысындағы ауылда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының мәліметінше, оқиға 29 қарашада болған.
"Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде Іле ауданы Жәпек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушылары төбелескен бейне анықталды.
Аталған дерек дереу аудандық полицияда ҚР ҚК 293 бабы бойынша тіркелді. Тексеру барысында 29 қарашада 2008 жылғы 9 сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10 сынып оқушысы арасында келіспеушіліктер туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері басталды. Сондай-ақ, психологтар осы оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмысын жүргізді" - деп жазды облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылған.
Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көрсетілген.