Фото: Kazinform
Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды.
Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.
Ведомство мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.
«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.