20 ақп, 2026 сағат 10:45

Алматы облысында иттер әйелді қан-жоса етіп талап тастады


Фото: baq.kz

17 ақпан күні Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде жеке тұрғын үйдің ауласында иттер 52 жастағы әйелге шабуыл жасап, қан-жоса етіп талап тастады, деп хабарлайды Ult.kz.

Зардап шегуші бірнеше жерінен жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеуде.

Иттердің 60 жастағы иесі анықталды. Оған қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін шара қолданылды. Полицияның ақпаратына сәйкес, оның үй аумағында 20-25 ит ұсталған.