Алматы облысы әкімінің өкімімен Байжанов Айдарбек Естебекұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
БАЙЖАНОВ Айдарбек Естебекұлы 1964 жылы дүниеге келген. Алматы халықшаруашылығы институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист, заңгер.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.
Әр жылдары «Ақжайық», «Жамбыл былғары аяқкиім» бірлестіктерінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппаратында іс басқарушының орынбасары, бас инспектор, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қазыналық кәсіпорын директоры, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасының бас инспекторы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» директорының орынбасары, директоры, «Астана өнім» акционерлік қоғамының директоры, Астана қаласында «Қазақтелеком» АҚ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры болып қызмет атқарған.
2016 жылдың ақпанынан - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары.
Айта кетсек, Алматы облысы әкімінің өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.