Алматы қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет".
1-6 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еріген қар суының молаюына байланысты әрі жауын-шашын түсуі мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан мұз еріп, су деңгейі көтеріліп, су басуы ықтимал.
2-6 сәуірде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында күн жылынуы мен жауын-шашын түсуіне орай су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.
3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, су деңгейі көтерілуіне байланысты, өзен аңғарларында су басуы болуы ықтимал.
3-4 сәуірде Павлодар облысында күн жылынуы мен қар еруіне байланысты әрі Шүлбі су қоймасынан су ағызу көлемі ұлғаюы салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріліп, маңындағы елді мекендерде су басуы мүмкін.
2-4 сәуірде Қарағанды облысында күн жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, өзендердегі су деңгейі ұлғайып, маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындайды.
2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында күн жылынуынан өзендерде су ағыны ұлғайып, деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы мүмкін.