Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды Үлкен, Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жағалауларына жақындамауды сұрайды.
Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, дауылды жел соғады. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.