Фото: Exclusive.kz
Жер сілкінісі 5 ақпанда сағат 13:42-де болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмология бақылау орталығы хабарлады.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан. Қарқыны — 2–3 балл», — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
