06 қыр, 2024 сағат 10:53

Алматы әкімдігі Досаевтың көмекшісі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Алматы әкімінің халықпен кездесу сәтінен

Алматы әкімдігі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісі "ұсталды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгісіз адамдар Алматы әкімінің көмекшісі «ұсталды» деген жалған ақпаратты таратқан. Хабарламаға Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті қоса берілген.

«Осыған байланысты Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқан дереккөздерді анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін және тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдейді. Заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп хабарлады ведомство.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Іле ауданының әкімі Багдат Қарасаевтың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және билікті теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.