Алматыда көлік реформасы аясында 11,5 миллиард теңгеге 300 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Біз мәслихаттың келесі сессиясына ұсыныс дайындап қойдық. Олардан 11,5 миллиард теңге сұрап отырмыз. 300 жаңа автобус сатып алмақшымыз. Автобустың төрт категориясын сатып алғымыз келеді. Әзірше нақты шешпедік, бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.
Оның айтуынша, 32 - алты метрлік, 45 - 10 метрлік, 200 - 11 метрлік, 20 - 20 метрлік автобустарды сатып алу жоспарда бар. Сондай-ақ, Мақсұт Исахов "Алматыэлектротранс" үшін 60 автоубстың сатып алынғанын айтты.