Фото: ҚТЖ
Олардың ішінде 10 бала бар, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлық зардап шеккендер қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді. Зардап шеккен адамдардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
«Қазақстан темір жолы» бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты.
Пойыз жеке компанияға тиесілі және түсірілім үшін киностудия ретінде берілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
