РЕН ТВ телеарнасының тілшілері Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейден алғашқылардың бірі болып кеткен әнші Алла Пугачева мен оның жары Максим Галкинді Израильден іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әнші "Жақын арада отаныңызға оралу жоспары бар ма" деген сұраққа жауап берді.
"Әрине! Демалыс аяқталады. 1 қыркүйекте балалар мектепке баруы керек. Қазір олар онлайн оқып жатыр", - деді Пугачева.
Алла Пугачева мен Максим Галкин балалары Лиза және Гарримен ақпанның соңында Ресейден кетіп қалған. Бұған дейін Галкин Украинадағы соғысқа қарсы пікір білдірген еді.
1056 рет оқылды