09 мау, 2021 сағат 02:20

Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында екі күміс жүлде алды


Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан атынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шығыршықпен жаттығуда Алина 23.05 ұпаймен күміс медаль иеленді. Бұл бағдарлама бойынша өзбекстандық Тахмина Икромова топ жарса, қола жүлдені қытайлық Ятинг Жао жеңіп алды. 

Доппен жаттығуда да Әділханова алтынға қол созым жерден тоқтады. Ол 23.70 ұпаймен күмісті қанағат тұтты. Алтын медальді өзбекстандық Екатерина Фетисова, қоланы Оңтүстік Корея өкілі Чеон Ким еншілеген. 

Адиля Тілекенова шығыршықпен жаттығуда 5-ші, доппен жаттығуда 6-шы орын иеленді.