12 нау, 2022 сағат 10:30

Әлімханұлы орта дивизондағы "ең қаһарлы боксшы" боксшы екенін айтты


Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының "уақытша" чемпионы титулы үшін өтетін кездесуде қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшымен кездесуге WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) шығатынын мәлімдеді. 

"Орта салмақтың ең қорқынышты боксшысы екенімді айттым ғой", - деп жазды боксшымыз әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, қазақстандық үшін төртінші рет қарсылас ізделді. Бұған дейін Жәнібекпен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), сондай-ақ екі рейтингтік бәсекелес - Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) және Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) жекпе-жекке үміткер болған.