05 сәу, 2022 сағат 15:55

Әлімханұлы әлем чемпионы титулы сарапқа салынатын жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады


Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы сарапқа салынатын жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күшті, шыдамдылықты, жылдамдықты арттыру мақсатында жаттығулар басталды. Келесі аптада - спарринг. Рингке 100 пайыз дайын болуымыз керек. Әлемге қазақы стильді көрсетуге үлкен мүмкіндік бар. Біз тарих жасаймыз!" - делінген Әлімханұлы командасының Facebook желісіндегі хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандықтың қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум. Жекпе-жек 21 мамырда АҚШ-та өтеді.