Фото: ашық дереккөз
Қостанай облысы прокуратурасының үйлестіруімен сот орындаушылары 963 млн теңге көлемінде алимент бойынша берешекті өндіріп алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қарызды өндіріп алу мақсатында шектеу шараларынан басқа (борышкерлердің банк шоттары мен мүлкін тәркілеу, олармен мәмілелер жасауға және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу, т.б.) бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіледі, борышкерлердің тұрғылықты жері, олардың көліктері ұсталады.
Тұрақты алимент төлегісі келетін 380-нен астам борышкерге жұмысқа орналасуда көмек көрсетіліп, балаларды ай сайынғы төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттемелерін орындаудан бас тартқан борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Биыл барлығы 72 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылса, 306-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
