Сынық терезелер теориясымен қылмыстылықтың жалпы деңгейін қысқартудың ұсақ құқық бұзушылықтарды тиімді ашудан басталатындығы айтылады.
Бұл тезис сыбайлас жемқорлыққа қатысты да қолданылады. Пара және алым-салық тәжірибесін тек қоғам ғана заңсыздықтың кез келген құбылыстарына мүлдем шексіз төзбеушілікпен жоя алады.
Қазақстанда осындай қоғамның жобалары қалыптасқан, алайда, сананы ауқымды түрде өзгерту қажет.
Сондықтан бүгінгі күні біздің жұмысымыздың басымдылықтарының бірі – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Және, бұл оның бастапқы себептерін жою ғана емес, сонымен қатар оны автоматтандыру және қоғамдық бақылау жасау. Бұл сондай-ақ, пара берушілер сияқты, пара алушылардың да сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына жол бермеу және дер кезінде жолын кесу.
Мысал келтіре кетсем. Алматы қ. Алмалы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына бейрезиденттің ЖСН-ын алу үшін жүгінген азамат басқарма қызметкеріне 2 мың теңге ұсынған. Нәтижесі – 200 АЕК айыппұл немесе 481 мың теңге.
Солтүстік Қазақстан облысында алкогольге берілген лицензияны қайтарғаны үшін конфет қорапшасы түріндегі «алғыс» осыған ұқсас, азамат үшін жарты миллион айыппұл төлеумен аяқталған.
Қостандайда екі полиция қызметкері ЖКО бұзушылардың әкімшіліктен жауапкершіліктен жалтарғаны үшін, әрқайсысы 600 АЕК-тен айыппұл төлеген.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттемелерін атқарғаны үшін кез келген формада сыйлықтар беруге тыйым салынғандығын тағы да ескертемін. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен (4 810 теңге) төмен болса, беруші үшін 200 АЕК әкімшілік айыппұл көзделген. Алушы үшін – 600 АЕК. Жоғарыда айтылғандардың барлығы пара болып бағаланады және қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Бүгінгі күні әкімшілік жазалар сомасы 35 млн-нан астам теңгені құрап отыр. Оның көп немесе аз екендігі – екінші дәрежелі мәселе. Мемлекеттік қызметшілерге 2 мың теңге үшін 240 есе көп төлеуге тура келетін орынсыз «сыйлықтар жасаудың» қайда апарып соғатындығын ойлану әлдеқайда маңызды мәселе.
Алик Шпекбаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы