Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) келесі жекпе-жегін 20 тамызда Дубай қаласында (БАӘ) өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.
Балоевтің қарсыласы Камерун өкілі Ролли Ламберт Фогум (11-1-1, 10КО) болады. Кездесу 10 раундқа есептелген.
D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды.
Әли Балоев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Беларусь боксшысы Юрий Быховцевті (10-21-3, 5КО) жеңді.