05 там, 2021 сағат 16:40

Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің датасы анықталды


Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін жаздың соңында өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасы BoxRec.com сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, GGG Promotions промоутерлік компаниясындағы қазақстандық боксшының айқасы Коста-Меседе (Калифорния штаты, АҚШ) 26 тамызда өтеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. 

1 тамыз күні Әли Альбукеркеде (Нью-Мексико штаты) перуандық «Пантера» лақап атымен белгілі Давид Сегарромен (34-5, 21КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда латынамерикалық боксшыдан коронавирус анықталуы себебімен кездесу өткізілмеді.