Қазақстан Жазушылар одағы аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жыл толған мерейтойына орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты республикалық жабық жыр мүшәйрасын өткізеді.
Мүшәйраның мақсаты: Ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Ғафу Қайырбековтың ақындық болмысы мен шығармашылығын насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Мүшәйраның шарттары: Мүшәйраға кез-келген ақын үш өлеңімен бүркеншік атпен қатыса алады. Бірінші өлең Ғафу Қайырбековке арналады. Екінші өлең ана туралы болуы шарт. Үшінші өлең еркін тақырыпта. Ақындардың жасына шек қойылмайды.
Шығармалар Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) бүркеншік атпен жолдануы керек.
Бірінші конвертке ақын туралы толық мәліметтер (аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны) жазылып, сыртына бүркеншік аты белгіленіп, сол конверт өлеңдермен бірге екінші конвертке салынуы керек. Бұрын жарияланған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.
Шығармаларды бағалағанда: - өлеңдердің тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне, шығарманың мазмұнына, көркемдік сапасына назар аударылады.
Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы жүлделерді бөліп беруге құқылы. Шығармалар 2018 жылдың 10-қазанына дейін қабылданады.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – біреу. (500 000 теңге)
І орын – біреу. (300 000 теңге) ІІ орын – екеу.
(200 000теңге) ІІІ орын – үшеу (100 000теңге)
Ынталандыру сыйлығы бесеу (25000 теңге)
Шығармалар төмендегі мекен-жайға жолдануы керек: Абылайхан көшесі, 105 үй, 52 кабинет.