Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс чемпионы британиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы британиялық спортшы Thaboxingvoice ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.
- Геннадий Головкин қыркүйек айында "Канеломен" жекпе-жек өткізе алмаған жағдайда Головкинмен қолғап түйістіргің келе ме?
- Головкиннің менімен айқас өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі титулды. Сондықтан бізге кездесу ұйымдастыру керек.
- Рой Джонстың қол астында қалай дайындалып жүргеніңді көріп жүрміз. Головкинді құлатамын деп ойлайсың ба?
Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа қайта оралдым. Сондықтан өз-өзіме сенімдімін.