26 қаз, 2025 сағат 12:26

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстанның көк туымен көмкерілді (видео)


Фото: Видеодан скрин


Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж-Халифада Қазақстанның көк туы бейнеленді, деп хабарлайды Ult.kz. 


Біріккен араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында Бурдж-Халифа ғимраты Қазақстанның көк туымен көмкеріліп,  мемлеккеттік әнұранымыз қосылды. Ерекше сәтті Дубайдағы Қазақстан елшілігі өзінің Instagram парақшасында жариялады. 


“Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады”, – делінген желідегі жазбада.