Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев әлем елдеріндегі қандастарымызға көмек көрсету мақсатында өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумның мәні шетелдегі және Отанына оралған қазақтарға көмек көрсетуге арналған Бірегей Байланыс-орталығы бірыңғай қызметін құру болып табылады.
Құжат тараптардың арасындағы серіктестік қатынастарды, жобаны жүзеге асыру және Байланыс-орталыққа техникалық қолдау көрсету бойынша өзара ықпалдастықты көздейді. «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық серіктес рөлін атқара отырып, Байланыс-орталығын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық және аппараттық жарақтандырудың қажетті спектрін ұсынды, атап айтқанда: байланыс телефондары желілері, бағдарламалық жарақтандыру, Байланыс-орталықтың операторларын ұсыну, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кеңестік және басқа да бірқатар қызметтер көрсетуді ұсынады. Сонымен қатар, қазақстандық ұялы операторлар нөмірлерінен тегін қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған.
Қысқа мерзімді келешекте, Байланыс-орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетіп, Қазақстан азаматтығын алу, «оралман» мәртебесін алу, әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді, мемлекеттік көмекті тағайындау, сондай-ақ оралмандар мен иммигранттарды жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына қосу тәртібі және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңестер ұсынатын болады.
Сондай-ақ жобаның тұжырымдамасына сәйкес, Бірегей Байланыс-орталығы интеграциялық және бейімдеу қызметтерін көрсету, құзыретті органдарға қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша, шешімдер мен отандастарға көмек көрсетуге арналған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ақпаратты жинақтауға және талдау жасауға негізгі элемент болады. Яғни, Бірегей Байланыс-орталығы, теңдесі жоқ әлеуметтік жоба. Сонымен қатар, Қор көмектердің барлық қолданыстағы түрлерін Бірегей Байланыс-орталығында шоғырландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл үшін қалалар мен облыстардың әкімдіктері, ұлттық компаниялар, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Зерде» және «ҚазАгро» холдингтері, сондай-ақ олардың еншілес құрылымдары тәрізді мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен серіктестік қатынастарын орнату үстінде.
Мұндай әріптестіктің мақсаты қолданушылары біздің отандастар болып табылатын технологияларды ілгерілету және бизнес ашу мәселелері бойынша кеңестік көмек ұсыну болып табылады. Байланыс-орталығы 1404 (ұялы қоңыраулар үшін), 8-800-080-1404 (Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін), +7 (7172) 981404 (Қазақстан және шетелден шалынатын қоңыраулар үшін) нөмірлері бойынша қолжетімді. Қазіргі кезде қызмет тестілеу және сұрақтар мен жауаптар негізін толықтыруды қамтитын техникалық іске қосуды жүзеге асырды.
Серіктестік қатынастар Байланыс-орталықтың жұмысын одан әрі дамыту мен кеңейтуді көздеп, келешекте мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың барлық ақпараттық жүйелерімен бірігуі жоспарлануда. Келешекте, пайдаланушыларға қолайлы болу үшін, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы коммуникацияның қосымша арналары жетілдірілетін болады, сондай-ақ Skype қоңырауларға арналған құралының көмегімен кеңес алуға болады. «Бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша іргесі қаланған «Отандастар қоры» тарихи Отандарына оралған, сондай-ақ шетелдерде тұратын отандастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.
Қордың негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанға оралғанда отандастарымызға бейімделулеріне және әлеуметтенулеріне іс жүзінде көмектесу. Бұл жағдайда Бірегей Байланыс-орталығы қызметін құру өзіне қажетті көмекті шоғырландырып ғана қоймай, сонымен қатар оралмандар мен шетелдегі диаспоралар мәселелерін сапалы шешу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды әзірлеуге арналған ақпараттың көзіне айналуды көздейді. Мұндай қызметтің пайда болуы мемлекеттің отандастарға көмек көрсету деген көзқарасының деңгейін көрсету. Бүгінгі «Қазақтелекоммен» әріптестікте ұйымдастырылған Бірегей Байланыс-орталығының техникалық ашылуы, болашақта арнайы мемлекеттік бағдарлама түрінде нық жүйелік сипатқа ие болатын, біздің тараптан отандастарға қолдау көрсетудің іс жүзіндегі әрекеттеріміздің тағы да бір қадамы болады», - деп атап өтті «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев.
Ресми деректер бойынша, тәуелсіздік жылдары бойына тарихи отанына Қазақстанға (1991 жыл мен 2018 жыл аралығында – ҚР ЕХӘҚМ деректері) 1 миллионнан астам адам – қоныс аудару бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, сонымен бірге өздері қайтып оралған екен. Соңғы уақытта қалыптасқан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуге ниет білдірушілердің айтарлықтай өсу үрдісі мақсатты аудитория арасында осы байланыс орталығы қызметтерінің жоғары қажеттілігін растайды.
«Біз аталмыш меморандум бойынша әріптестік аясында тиімді, өзара ынтымақтастыққа арналған қолайлы шарттар жасауға ұмтылатын боламыз. Аталмыш жоба үлкен әлеуметтік мәнге ие, біз оған қатыса отырып, инфрақұрылымдық мультисервистік оператор ретінде, аталмыш жобаның дамуына қосатын үлесіміздің маңыздылығын түсінеміз»,- деп атап өтті«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Меморандумға қол қою барысында тараптар сондай-ақ бірлескен шараларды өткізудің болашағын да талқылады. Өзара әрекеттестік кезеңі 2022 жылға дейін деп белгіленді.