28 қаз, 2021 сағат 20:50

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды


Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Нұрлан Сапарбай қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында боксшылар бір-бірімен лайықты қарсылық көрсетті. Десе де төрешілердің басым бөлігі испандық спортшының жеңісіне қолдау білдірді. Осылайша Нұрлан Сапарбай алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды. 

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 22:00-де кешкі сессияда 1/16 финалда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумимен шеберлік байқасса, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады. 

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.