Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді.
Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.
Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.
Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды.
Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.