21 қаз, 2025 сағат 10:19

"Алдағы жаңалық бұдан да қызықты болмақ": Олжас Абай көрермендерді ойландырып қойды

Фото: Instagram.com

Актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі жазбасында өз туындысын жоғары бағалаған көрермендерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ», – деп жазды актер.


Олжас Абайдың бұл жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік алдағы жаңалық актриса Дариға Бадықовамен бас қосқандары туралы болады деп болжады. 

"Енді жасыра бермей айтыңыздар, тиіспейміз, тек бақыт тілейміз", "Ендігі жаңалық сөз салу болсын! Қандай жарасымды жұп", "Үйленіп кетіңіздерші, Дариға ханым аяғы ауыр болсын!", "Бақытты болыңыздар! Ешкімді тыңдамаңыздар! Бір рет өмір сүреміз!", - деп жазды оқырмандар.