"Қазгидромет" 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамы бойынша, алдағы үш күнде солтүстік циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап күтіледі - 40 градус. Қызылорданың оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында аптап болады деп болжанған - 45 градус. Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі - 43 градус", - делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұрқасын, жел, бұршақ болуы мүмкін.
Ірі қалалардағы ауа райы
Ертең елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +32 градус, түнде 17 градус жылы. Жұмада күндіз +34, түнде +20 градус.
Алматыда 23 маусымда көшпелі бұлтты, жаңбыр, кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз +32, түнде 20 градус жылы. 24 маусымда да жаңбыр жауады. Плюс 32 градус, түнде 22 градус жылы.
23 маусымда Шымкентте көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз +35, түнде +22. 24 маусымда жауынсыз ауа райы болжанады. Күндіз +37, түнде +22 градус.
894 рет оқылды